Жамбыл облысында алаяқтықпен айналысқан жалған «шенеунік» ұсталды
Осылайша Сарысудың 13 тұрғынынан 8 миллион теңгеден аса ақша жиып, хабарсыз кеткен. Күте-күте күдері үзілген халық, алданғанын әкімдікке барып шағымданғанда бірақ білген. Өзін Ләззатпын деп таныстырған азаматша жұмыссыз, Жаңатас қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр. Бұл бап бойынша, мүлкi тәркiленіп, үштен жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті кінәсін мойындады, қазір уақытша ұстау изоляторында.