Жаңақала ауданында мәдениет үйлері жаңғыртылып жатыр
Жоба «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. 150 орындық өнер ордасында қоғамдық-мәдени шараларды ұйымдастырып, шығармашыл жастардың шеберлігін шыңдауға қолайлы жағдай жасалған. Ал шағын үш елді мекенде модульді ғимараттар құрастыру жоспарланып отыр.
Теміржан Сапарғазиев, Мәштексай ауылының тұрғыны:
-Мынау елдің игілігіне үлкен мәдениет үйі беріліп жатыр. Бұл халықтың көптен күткен арманы. Ауылымызға үлкен тарту болды.
Ерлан Қажиев, Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары:
-Енді Қырқопа қалды. Қаражат бөлу оң шешімін тапса, онда биыл соның құрылысын бастаймыз. Сонымен қатар кіші елді мекендерде шағын модульдік мәдениет үйлерін қарастырып жатырмыз. Тез құрастырылатын.