Енді мамандар әр өңірден түскен сұраныс бойынша даярланады
Яғни оқу орындары мен кәсіпорындар мамандықтың ерекшелігін ескеріп, ортақ жылды нақтылайды. Сол мамандық бойынша білім алған студенттер жұмыспен қамтылмақ. Президенттің арнайы тапсырмасы бойынша, биылдың өзінде 498 ірі кәсіпорын 410 колледжге көмекке келген.
Шолпан Каринова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі:
-Мақсатты қабылдау шеңберінде 10 мың студент білімдерін алып жатыр. Жаңа оқу жылында тағы да 10 мың мақсаттық тапсырысты ұлғайтуды көздеп отырмыз. Кәсіпорын өкілдері сол колледждердің қамқоршылық кеңестеріне кірді. Оларды жарақтандыру бойынша практика және тағлымдама жұмыстары бойынша үлкен көмектерін қазір жасап бастады.