Жеңілдетілген автонесиелеу 6 ақпанда жалғасады
Тек өтініш беруде біраз өзгеріс бар.
Енді тұтынушылар auto-nesie.kz сайтында цифрлық қолтаңбаның көмегімен өтініш береді. Операторлардың айтуынша, қазір револьверлік тәсілмен жиналған 7 миллиард 600 миллион теңге қаржы бар. «Несиелеу сомасы 10 млн теңге екенін ескерсек, аталған қаражат қазір 761 адамның алғашқы жарнасыз көлік алуына жетеді», — дейді мамандар. Дәл осындай тәсілмен биыл ай сайын кемінде 100 автонесие беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, енді «кезекке тұру» деген түсінік болмайды.
Ғалымжан Әди, «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ басқарушы директоры:
-Не автосалондарда, не банктерде, ресми кезек болған жоқ. Қазіргі мына қолданып жатқан платформамызда да кезек болмайды. Себебі бұл платформада кезектің қажеті де жоқ. Мысалы, ертең 761 адам тіркеледі платформаға. Әрқайсысы дербес осы платформаға қатысты 4 банк бар. Солардың әрқайсысына өздері дербес бара алады. Әрқайсысы тіркелгеннен кейін автосалонына барып, төлем шотын алып, жұмыс істей береді.