Өскеменде 131 нысанға пандус орнатылады
Өскеменде алдағы екі жылда 131 әлеуметтік нысанға пандус орнатылып, арнайы көтергіш құралмен жабдықталады. Білім ошақтары мен медицина мекемелері басты назарда. Мүгедек жандарға қолайлы жағдайдың жасалуын арнайы монитронгтік топ өкілдері қадағалайды. Айта кетсек, соңғы екі жылда Өскеменде 400-ден астам ғимаратқа пандус орнатылып, көзі нашар көретін жандар үшін Брайль шрифтімен жазылған анықтама ілінді. Салғырттық танытып отырған жекеменшік мекемелер де жетерлік.
Сергей Пастушенко, I топ мүгедегі:
- Адам жиі келетін жердің барлығы мүгедектерге қолайлы жағдай жасауы керек. Әсіресе дүкендер мен дәріхана иелері осы шаруаға жауаптырақ қараса деймін.
Айгүл Сүлейменова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:
- 2023жылы 21 ғимаратты бейімдеуден өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. 2023 жылдың қаңтар айында мәжіліс өткізілді. Осы 21 ғимараттың басшыларымен. Оларға осы жылдың аяғына дейін ғимараттарын бейімдеуден өткізу жоспарланғаны туралы мағлұмат жеткізілді.