Ауа райы келеңсіздігіне тап болған 147 турист құтқарылды
Биыл қыс қаһарына мініп, жергілікті тұрғындар мен туристерге қолайсыздық туғызған. Республика бойынша 700-ге жуық тас жол жабылып, 3 мыңға жуық адам құтқарылған. Оның 300-ден астамы — бала. 147 туристі іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілген. Мұздың үстінде балық аулаған 4 адам қаза тапты. Енді ескеруді елемей, қауіпті аумақта жүрген туристер заң бойынша жауапқа тартылады.
Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі:
-Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде, осы туристердің жүру маршруттары туралы мәліметтердің болмауына байланысты құтқарушылар оларды іздеуге көп уақыт жұмсайды. Алдағы уақытта жоғарыда айтылған нормаларды елемегені үшін туристерді жауапкершілікке тарту үшін заңнамалық деңгейде реттеуді жоспарлап отырмыз.