Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары 18 ақпанға дейін жалғасады
Зауыттағы апатты жағдайға байланысты 1 ақпаннан бастап кәсіпорында бензин, дизель отыны және авиакеросин өнімдерін шығару тоқтатылған. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арнайы құрылған жедел штабтан бөлек, жобаны жүзеге асырған француздық компанияның мамандары тартылды.
Мұрат Досмұратов, «АМӨЗ» ЖШС бас директоры:
-Техникалық тексеру аяқталды. Өндірісте кеткен қателіктер анықталып, қалпына келтіру жұмыстары басталды. Келісілген кесте сай, 18 ақпанда аяқтаймыз. Сосын өндіріс іске қосылады. Жоба бойынша 23 ақпанда өндіріс техникалық қалыпты жұмыс жүйесіне көшіріледі.