Атырауда су тасқыны кезінде жедел жәрдем көлігінде әйел босанды
Атырауда су тасқыны кезінде жедел жәрдем көлігінде әйел босанып, қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді. Айтуынша, Құлсарыдағы перзентханадан 12 әйел көшірілді. Ал төтенше жағдай жарияланған 10 облыста медициналық ұйымдар мен қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Яғни 3 мыңға жуық медицина маманы, 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы мен 30 психолог тәулік бойы көмек көрсетуде. Одан бөлек 72 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 16 мыңы бала.