Түркістандық полиглот Мейірхан Топанбай 10 тілде сөйлейді
Уақытын текке кетірмей, ілім жинауға жұмсап жүрген түркістандық азаматты көпке үлгі етуге болады. Тастұмсық ауылында тұратын Мейірхан Топанбай туғаннан сал ауруына шалдыққан. Кішкентайынан тіл білуге құштар жан 10 тілді меңгеріп алған. Қазір ауыл кітапханасында жұмыс істейді. Өзге ұлттың шығармалары мен ақын-жазушыларының нақыл сөздерін аударады. Өткен жылы «Ақиқаттан аттамайық!» атты алғашқы жинағы жарық көрді. Биыл «Жанымның жақұты» атты жинағын баспаға әзірлеп жатыр.
Мейірхан Топанбай , Түлкібас ауданының тұрғыны:
- Түрік тілі, грек тілін мен бала кезімнен үйрендім. Одан кейін мектепке барғаннан кейін неміс тілін үйрендім, француз тілін үйрендім. Сонымен алты тіл болды ма? Содан соң университетке барғанда парсы және тәжік тілін үйрендім. Одан соң поляк пен болгар тілі бар ғой, сол екі тілді игердім. Содан соң испан тілі, қазір итальян тілін үйретіп жатырмын.