ШҚО-да экс-шенеунікке тиесілі жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды
Бұл 533 жер телімі. Оның жетеуі осы облысты 2004-2007 жылдар аралығында басқарған Виктор Храпуновқа тиесілі болып шықты. Бұрынғы әкім ең шұрайлы жерлерді иеленген. Мәселен, Бұқтырма су қоймасының жағалауы мен Самар ауданында бірнеше жер телімі болғаны анықталды. Бұл жерлер 10 жылдан бері бос жатқан. Облыстық прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, Храпуновқа қарасты барлық жер учаскесінің құны 5 миллиард теңгеден асады.