Павлодар облысында 40-тан астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған
Сүт өнімдерін өндіру, көкөніс қоймаларын салу және суармалы жерлерді игеруге 48 млрд теңге қарастырылған. Ал өңірдегі ірі құс фабрикасы қайта іске қосу үшін инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – ішкі нарықты жергілікті өніммен қамту. Жоба мақұлданса, мемлекет тарапынан қолдау да көрсетілмек. Айта кетейік, Павлодардың іргесіндегі құс фабрикасы 9 жыл бұрын ашылып, кейін жабылып қалған.
Серік Батырғожинов, облыс әкімінің орынбасары:
- Бір айдың ішінде 3 инвестормен кездестік. Бірінші талап – екі құс фабрикасын сатып алу. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның екеуі шетелдік инвесторлар, олардың Қазақстан заңына сәйкес құжаттары болса деген мәселе бар.