Есірткінің онлайн саудасы қызып тұр
Полицейлер 2000-ға жуық есірткі сайтын бұғаттап, ұйымдасқан топқа тосқауыл қойған. Сол топтағы 8 адамнан сатуға дайындалған 90 келі есірткі мен 1,5 тонна қоспа тәркіленді. Тасымалдауға әрекеттенген 25 жасөспірім қылмыстық жауапқа тартылуда. 46 заңсыз саудагер құрықталып, 7 зертхана жабылды. Енді шекаралас мемлекеттердің құзырлы органдарымен байланыс күшеймек. Осылайша, шекара асып келетін есірткі түрлері тыйылмақ.
Данияр Орал, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының жедел уәкілі:
- Ағымдағы жылдың басынан бері заңсыз айналымына байланысты 420 қылмыстық іс анықталып отыр. Оның ішінде 265 өткізу фактісі бойынша, 76 заңсыз сақтау дерегі. Заңсыз айналымнан 755 келі есірткі тәркіленді.