Сырдарияда мұз көбесі сөгілді
Өзен бойымен жылжыған мұздың Қызылорда қаласына жетуіне 80 шақырымдай қалды. Дария бастауынан төменге қарай секундына 750 текше метр су ағып жатыр. Бұл ауқым көбейсе, маңындағы ауылдарға қауіп төндіреді. Аймақта су арнасына жақын орналасқан 50 шақты елді мекен болғандықтан, 68 қабылдау және 59 эвакуациялық бекет әзірленді. Бұған қоса, мол суды Шіркейлі, Қызылжарма арналары мен Жаңадария каналына бағыттау жоспарланып отыр.
Серік Қожаниязов, облыс әкімінің орынбасары:
-Оған сыймай бара жатса Қараөзек деген көлдер жүйесі бар. Қараөзектің бойында резервке ұстап отқан көктемде мол су келсе 150 млн текше су жинақтауға болады деп дайындап отырмыз. Ары қарай Қазалыға барғанда Басықара басында оң және сол арнасы бар.