Хабар телеарнасы

«Дәрмен» қосымшасы төтенше жағдайлар туралы ескертіп отырады

Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов барша қазақстандықты мобильді қосымшаны телефондарына жүктеп алуға шақырды. Мамандардың айтуынша, бұл қызмет баршаға тегін. Айта кетерлігі, бүкіл әлем елдері Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап отыр. Осыған орай Қазақстанда да бірқатар маңызды шара өткізілуде.

Бауыржан Сыздықов, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы: 
- Төтенше жағдайлар министрлігі өз жұмысында мобильді қосымшаларды қолдануда. Солардың бірі «Дәрмен» қосымшасы. Ол жолдардың жабылуы немесе ашылуы, сабақтардың тоқтатылуы, дауылды ескертулер және т.б. хабарламаларды 3-5 секундта алуға мүмкіндік беретін халықты ақпараттандыруға тегін сервис ретінде қолданылады. Сонымен бірге оған азаматтық қорғаныс қосымшасы біріктірілген.