Хабар телеарнасы

Қызыл кітапқа енген бәйшешек Алматы маңында жойылып барады

Қызыл кітапқа енген бәйшешек Алматы маңында жойылып барады. Өсімдік қорғаушылардың айтуынша басты себеп — белсенді құрылыс пен жол төсеу. Сирек өскіндерді сақтап қалу үшін тау етегінде арнайы аумақ не саябақ құру қажет. Соңғы он жылда бәйшешек, қызғалдақ гүлдерінің өсу аймағы қаладан 5-7 шақырымға алыстаған. Алатау шафраны — Алматы облысында ерте көктемде өсетін гүлдің ғылыми атауы. Көктемнің белгісіндей болған бұл гүл халық арасында бәйшешек аталып кеткен.

2006 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Заңға сәйкес, ондай гүлдерді жою және сату үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделген, бұл шамамен 8 миллион теңге.