Шымкентте 7 кәсіпорынның жұмысы сот шешімімен тоқтатылды
Олар «Ордабасы» мен «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан. Экологтар, тұрғындарды түтінге тұншықтырған өндіріс орындарына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, біршама кемшілік анықтаған. Енді зауыттар өндірістік технологиясын жетілдіріп, мұржаға сүзгі орнатпайынша жұмысын жалғастыра алмайды.
Берік Сәтенов, қалалық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:
- Департамент тарапынан 2022 жылдың 12 айында индустриалды аймақтардағы 18 кәсіпорынға тексерілу жүргізіліп, жалпы сомасы 38 млн теңгеден астам 48 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тексеру бойынша екі есе айыппұл бойынша төрт есе артқан.