Хабар телеарнасы

Елімізде алғаш рет Альвеококкоз паразиті бар бауырға трансплантация жасалды

Емі табылмаған ауру емделеді. Үндістандық дәрігердің көмегімен жүзеге асырылған ота 16 сағатқа созылған. Енді бұл аурумен отандық дәрігерлер күресуге қауқарлы. Диана Қадыр үміт оты қайта жанған науқастың хәлін біліп әрі дәрігерлерден бұл диазноздың қаншалықты қауіпті екенін біліп келді.

Елімізде алғаш рет 2013 жылы бауырға трансплантация жасаған. Бүгінге дейін 70 операция сәтті өтіпті. Альвеококкоз паразиті бауырда тез дамып, тамырлар арқылы жүрекке дейін жетеді. Сондықтан бұған дейін дәрігерлер науқастардың өмірін құтқара алмай келген.

Мөлдір Мустафина, емделуші:
-Алғаш рет 2016 жылы осы диагноз қойылды. Бізге туысқанның бауырын ала алмаймыз деді. Менің ағамның тамырлары өзіне керек. Маған бауыр да, тамыр да керек болды.

Отандық дәрігерлер Халықаралық мамандармен кеңеседі. Бір операцияда бауырды ауыстырып, жақын орналасқан органдарды паразиттен тазартуды ұсынған. Таңдау осы тәсілмен 20 рет операция жасаған Үндістандық дәрігерге түскен.

Сельвакумар Наганатан, бауыр трансплантаты бойынша хирург:
-Емделуші көп уақыт жоғалтқан. Сондықтан кардиохирургтар мен бірлесіп, бірден жасаған 3 операция сәтті өтті. Вена кавасын синтетикалық протезбен алмастырып, бауырға трансплантация жасадық. Операцияны Қазақсандық білікті дәрігерлер көрді. Алдағы уақытта өздері жасай алатынына сенемін.

Науқасқа ағасының 65% бауырын салады. Осыған дейін мүмкін еместей көрінген, тірі донордың органына жүгінді.

Тоқан Сұлтаналиев, онкохирургия бөлімінің бас консультанты:
-Негізі альвеококк ауруы рактан кем емес. Біраз адамдарда болған, олар бұл дүниеден кетіп қалды. Негізі кова венаға, көк етке, жүрекке шапқан. Соның бәрін алып тастап, күрделі операция жасалды.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас пен донордың денсаулықтары 3 айда қалыпқа келеді. Ал Отандық медицина тарихындағы бұл үлкен жеңіс болмақ.

Авторлары: Диана Қадыр, Сергей Трахтенберг