Елордада «Жайлы мектеп» салуға ниетті құрылыс компаниялары алғаш рет көрме өткізді
20 өңірден 100-ге жуық отандық компания өкілдері келген. Барлығы жаңа форматтағы мектептің саны арттыруға құлықты. Білім ордасының кірпішін қалап, сапалы құрылыс тауарлары мен мектеп жиһазымен қамтымақ. Сарапшылардың айтуынша, импорттан келген өнім бағасымен салыстырғанда, біздің тауарлар едәуір арзан. Жайлы мектептің құрылысы қашан аяқталып, нақты табысталар күні белгісіз. Ал белгілісі, құрылыс компаниялар мен тауар өндірушілер арасындағы қызу сауда басталды.
Ілияс Оспанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
- Елімізде озық материалдар шығарылуда. Соның барлығын көрсетейін деп жедел түрде осы іс-шараны ұйымдастырып жатырмыз. Дәстүрлі мектептен жайлы мектепке өту келесі деңгей. Ол жоғары болады. Отандық компаниялар қазір 70-75% жасап бере алады. Әрі қарай қиын материалдар. Оларды бөлек қарастыру керек.