Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды
Жетісу облыстық соты осындай үкім шығарды. Бұрынғы Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Күдебаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 370-ші бабы, 4-ші бөлігінің бірінші тармағы бойынша іс қозғалған еді. Яғни қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментіндегі қызмет орнынан кетіп қалған. Айыпталушы соттың соңғы үш отырысына қатыспаған. Ал мәжбүрлі түрде жеткізілуі керек болатын. Алайда Серік Күдебаевтың Қырғызстанға одан әрі Түркияға ұшып кеткені белгілі болды. Мәліметті Қырғыз шекара қызметі растаған. Осыған байланысты, қылмыстық іс уақытша тоқтатылды.
Әбділла Үмбетай, Жетісу облыстық сотының судьясы:
-Серік Күдебаев халықаралық іздеуге жарияланғандықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 146-бабы, 2 бөлігінің, 1,3,4 тармағы, 362-бабының 4-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс тоқтатылсын. Қылмыстық іс сотталушының іздеу жұмыстарын қадағалау үшін облыстық прокурорға қайтарылсын!