Астанада қайырымдылық концерті өтті
Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай Астанада қайырымдылық концерті өтті. Күрделі диагноз қойылған балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Туындылардың тақырыбы әр алуан. Концерттің басты орындаушылары да елордалық ерекше балалардың өздері болды. Олар сахнада елімізге танымал өнер жұлдыздарымен бірге өнер көрсетті. Шараны ұйымдастырушылар балғындардың ән айтып, би билейтінін және музыкалық аспаптарда ойнай алатынын көрсеткісі келген. Мамандардың айтуынша шығармашылықпен айналысу балалардың қоғаммен араласуына көмектеседі.
Шынар Ажмолдаева, қайырымдылық концертінің ұйымдастырушысы:
-Бұл іс-шара қайырымдылық концертін біз екінші рет өткізіп жатырмыз. Бойында аутизмі бар балалар жайлы қоғам білсе дейміз. Егерде қайырымдылық концерттен қаражат түсіп жатса балардың дамуына, осындай балалардың қажеттілігіне жұмсалады.