Хабар телеарнасы

Қостанай облысындағы аспалы көпір мен бөгетті су шайып кетті

Герцен ауылы ойпаңдау жерде орналасқан. Сондықтан жазық даладан аққан қар суы елді мекеннің шет жағымен өтетін сайға құйылады. Сарқырап тасыған су жылда көпірді бұзып кетеді. «Аралда қалған жұрт орталыққа тек қайықпен қатынайды. Оның өзі қауіп-қатерге толы. Ауыл әкімі жол өткелін бүгін-ертең қалай да қалпына келтіреміз,- дейді.

Ал, Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, Қарамырза елді мекенінде тасқын қаупі сейілген. Жиырма алты үйдің суы сорылып, құрғатылған. Түнтүгір өзені бір метрге дейін төмендепті. Екі күн бұрын өзен арнасынан асып, Қарамырза ауылында 35 үйді су басқан еді. Қазір онда апат зардабын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Облыс әкімі су кірген үйлерді қалпына келтіргеннен гөрі, жаңа баспана салып берген жөн деп шешті. Құрылыс жергілікті ауылшараушылығы кәсіпорындары есебінен жүргізіледі. Ал оларға мемлекеттен 50% субсидия берілмек. Жалпы Қарамырзада жыл сайын су басуы мүмкін деген 42 үйді ауылдың жоғарғы тұсына қоныстандыру міндеті тұр.