Елімізде 10 сәуірден бастап киік санағы жүргізіледі
Алдын ала болжам бойынша қазір олардың саны 1,5 млн-ға жуықтаған. 10 жыл бұрын түз тағысы 230 мың киікке дейін азайып кеткен еді. Киелі жануардың көбеюіне қолайлы жағдай жасап, қорғау үшін 5 облыс аумағында бақылау күшейтілген. Соған қарамастан, күні кеше Ұлытау облысының шекарасынан 60-қа жуық киіктің өлексесі табылғанын айтқанбыз. Мамандар арнайы сараптама нәтижесінде ешқандай ауру белгілері анықталмағанын жеткізді.
Шындос Омаров, «ОХОТЗООПРОМ» РМҚК өңірлік филиалының басшысы:
-Қазір киіктің көбеюіне байланысты, одан кейін жаңағы қыс мезгілі кезінде киіктің 10% табиғи өліммен өлетіні жыл сайын болып отырады. Киіктің аталғы 5,6 жыл, аналығы 7-8 жыл өмір сүреді.