15 сәуірден бастап ел аумағы бойынша «Киік» акциясы өтеді
Шараның басты мақсаты — жойылып кету қаупі бар жануарларды браконьерлерден қорғау және санын анықтау. Ақбөкендердің жаппай төлдейтін кезі жақындап қалды. Акция аясында киелі жануарлар санының қаншаға артқаны белгілі болмақ. Қазір Павлодар облысында 20 мыңға жуық киік бар. Олар Баянауыл, Май аудандары мен Ақсу, Екібастұз ауылдық аймақтарында мекендейді.
Руслан Төлепбаев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
-Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ақбөкенді заңсыз атып алғаны үшін 6 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салына отырып, еркегі үшін 7 миллион теңге көлемінде, ұрғашысы мен төлін алғаны үшін, заңсыз алғаны үшін 5 миллион теңге мөлшерінде залал қайтарылатын болады. Сонымен қатар аң аулау үшін ақбөкендерге 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығын шектеу қарастырылып отыр.