Шымкентте автобус жүргізушілері кезектен тыс аттестациядан өтіп жатыр
Шымкенттегі қайғылы оқиғадан кейін полицейлер автопаркті лицензиясынан айыруды ұсынып отыр. Автопарк 35 бағыт бойынша қызмет көрсетеді, 500-ден астам автобусы бар. Бүгіннен бастап барлық қалалық қоғамдық көлік жүргізушілері аттестация тапсырып жатыр. Олардың жолда жүру ережелерін білуі тексеріледі. Сонымен қатар арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында еңбек инспекциясы, кәсіподақ, полиция, тасымалдаушылар қауымдастығы және әкімдік өкілдері бар. Басты мақсат – қалалық автобустардың жай-күйін және тасымалдаушылардың құжаттын тексеру. Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде Шымкенттегі екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кетті. Салдарынан 5 азамат қайтыс болды.
Нұрдәулет Сүйеубеков, қалалық ПД басқармасының басшысы:
- Қазіргі таңда ҚР ҚК 345 бабы, 4-ші бөлімімен тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалған. Автобус жүргізушісі қамауда. Бізбен Шымкент қалалық әкімшілікке «Шымкент bus» фирмасын жолаушылар тасымалдау лицензиясынан айыру ұсынылды.