Таразда 200-ден аса қоғамдық көлік жетіспейді
Салдарынан шаһар шетінде тұратын тұрғындар автобусты сағаттап тосуға мәжбүр. Қалада жолаушылар тасымалымен 9 компания айналысады. Олардың 34 бағытта қатынайтын 340 автобусы бар. Дегенмен қала маңындағы шағын аудандарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Ал автобусты сатып алуға тасымалдаушы компаниялардың қаржысы жоқ. Себебі бір ғана көлік 60-70 млн теңге тұрады. Жергілікті билік мәселені шешу үшін тасымалдаушы компаниялармен бірігіп, 3 жылдық жоспар жасаған. Жоба аясында жыл сайын 5 бағыттан ашылмақ.
Ғазиз Ташметов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:
- Биылға 2 млрд 132 млн теңге қарастырылып отыр. Әкімдік тарапынан тасымалдаушыларға міндеттеп отыр автобус алу. Өткен жылы 40 автобус келген. Енді биылға осы жақын арада 23 автобус келу керек. Жыл соңына дейін қосымша 30 автобус аламыз деген жоспар бар.