Таразда этнос өкілдері қазақ тілінде ана туралы ән шырқады
Облыстық байқауға өзбек, түрік, дүнген, орыс, күрд, әзербайжан және татар ұлтының қыз-келіншектері қатысып, бақ сынады. 12 қатысушы алғашқы кезеңде қазақтың салт-дәстүрі туралы бейнематериал көрсетіп, кейін мемлекеттік тілде ән айтты. Мойынқұмнан келген орыс қызы Ирина Хасанова жеңімпаз атанды.
Мүбәрак Жинақбаева, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:
-Мемлекеттің бірлігі, тірлігі тұтастығы үшін мемлекеттік тілді осы Қазақстанды мекендейтін барлық этностардың білуі құрметтеуі қажет. Сондықтан бүгінгі аналар кеңесімен бірлесіп өткізіп жатқан мемлекеттік тілді ән арқылы үйренетін жоба ананың әнін айту байқауы осынысымен де маңызды.