Жасөспірімдер конькимен жүгіруден әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Жапонияның Хатинохе қаласында конькиден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы 1 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді. Кристина Шумекова мен Мария Деген және Алина Шумекова үштігі із кесу бәсекесінде үштіктен көрінсе, артынша спринттік бәсекеде Нидерландыны алға жіберіп екінші орынға табан тіреді.