Астанада тұрғын үй құрылысы тоқтайды
Жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынатын елордада биылдан бастап жаңа құрылысқа талап күшейеді. Бұл туралы қалалық маслихат төрағасы Ерлан Қаналимов мәлімдеді. Өйткені қалада инфрақұрылым баяулап қалған. Ендігі басымдық осы бағытқа беріледі. Астананың бюджеті 70 млрдқа көбейіп, алғаш рет 1 трлннан асып отырғаны да содан. Қазіргі таңда қосымша жылу қазандықтары, электр көздері, су стансалары салынып жатыр. Бірақ бұлар бүгінгі қажеттілікті ғана қамтамасыз етеді. Тек техникалық негіздемесі беріліп қойған 350 тұрғын үйдің құрылысы жалғасады. Қалада білім ошақтарын салу және ескі үйлерді қайта жаңғырту жұмыстары басталады.
Ерлан Қаналимов, қалалық мәслихат төрағасы:
-Қазіргі уақытта мараторий жариялай алмаймыз. Бірақ жаңа проекттер бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Өйткені жаңадан салынып жатқан обектілердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмейінше құрылысқа рұқсат жоқ. Жаңа энергия көздері, орталықтарымыз салынып бітпейінше осылай болады.