Қызылордада үшем дүниеге келді
Қызылордада Айлин, Анель, Адель есімді үшем дүниеге келді. Бес жыл бойы нәресте иісін аңсаған Ұзынжасовтар отбасы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында ЭКО көмегімен перзент сүю бақытына кенеліп отыр. Салмағы шамамен бір жарым келі болып туылған нәрестелер өздігімен ана сүтін еміп жатыр. Жалпы «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша облысқа биыл 274 квота бөлінген. Қосалқы репродуктивті технологиялардың көмегімен жыл басынан бері 62 перзент дүние есігін ашты. Қазіргі таңда 700-ге жуық сырбойылық отбасы жасанды ұрықтандыру кезегінде тұр.
Әйгерім Әлімханова, үшемнің анасы:
-4 жылдан кейін білдім бала көтере алмайтынымды. 2021 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасымен тізімге тұрдым. Документтерімді бастап дайындап, тамызда перенос болып балаларды салдырып келдім, 2 бала болған. Одан кейін Алланың құдыретімен 3 сәби дүниеге келіп жатыр.