Петропавлдағы жылу электр орталығына 2,7 млн теңге айыппұл салынды
Мамандар стратегиялық нысанда төрт айдан бері тиісті тексерістен өткізілмеген құрылғылардың қолданылғанын анықтаған. Олардың қатарында жылу есептегіштер, дозатор, термометр және басқа да заттар бар. Заң бойынша технологиялық көрсеткіштері бар қондырғылар міндетті түрде тіркеліп, өлшенуі керек. Талап орындалмаған жағдайда 5 миллион 520 мың теңге айыппұл салынады. Кәсіпорын басшылығы өз кінәсін мойындағандықтан, соның тек жартысын төлеуге міндеттелді.