Қазақстанда цифрландыру жүйесін дамыту қарқынды іске асып жатыр
Технологиясы дамыған елдерде осындай эксперименттік бәсеке басталса, Қазақстанда цифрландыру жүйесін дамыту қарқынды іске асып жатыр. Мәселен, жақында ғана нотариустарды онлайнға ауыстырдық. Бірақ бір алаңдатарлығы онлайн жүйеде алаяқтық өршіп барады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл 20$ артып кеткен. Бұл цифрлық жүйедегі азаматтардың жеке деректеріне қауіп төндірмей ме?
Алдымен сандарды сөйлетсек. Өткен жылы онлайн алаяқтар ел азаматтарына 20 млрд теңге залал келтірген. Биылдың өзінде 3 500-ден астам қылмыстық іс қозғалған. Мамандардың айтуынша алаяқтардың көбісі әлемжелідегі дербес деректерді пайдаланады. Яғни ұялы телефон нөміріне банк қызметкері болып қоңырау соғады. Кейіннен сіз жайлы мәліметті айтып, өзіне сендіреді. Яки жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы несие алады. Тіпті банк картаңыздың кодын пайдаланып, ішіндегі ақшаны жымқырады. Ал ақпараттық қауіпсіздікке жауапты мамандар елдегі дербес деректерді сақтау жүйесі технология жағынан қатаң қорғалған деп отыр.
Әділетхан Қабдеш, ҚР ЦДИжАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау басқармасының басшысы:
- Хакерлердың өзі шабуыл жасау үшін бірнеше этаптардан өту керек. Әлі инцидент болған емес. Хакерлік шабуыл арқылы электронды үкіметтік жылыстауы болғанына. Дербес деректердің сақталуына сенім береміз. Алайда адами факторлар болуы мүмкін.
Әрине, мұнда қарапайым желі қолданушылардың да әрекеттері маңызды. Өйткені кез келген жарнама немесе сайттарға дербес деректерді енгізіп, анкета толтыра салу көпшілікті алаңдата қоймайды.
Әділетхан Қабдеш, ҚР ЦДИЖАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитеті дербес деректерді қорғау басқармасының басшысы:
- Интернетте мысалы осы ссылка бойынша өтіңіз сізге осынша ақша беріледі... Оның барлығы жалған. Карточкаңызды, деректеріңізді енгізіп, ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Адами фактор дедім ғой, жаңағыдай егер карточкаңыздың дерегін өзіңіз енгізген жағдай қиын болады.
Ал Ішкі істер министрлігі, әсіресе, инстаграм, тик ток, уатсап платформаларында жеке мәліметтерді сұрайтын жалған жарнамалар қаптап кеткенін айтады. Бірақ тұрғындар үшін қай жарнаманың фейк екенін ажырату қиын. Алдаған алаяқтарды анықтау да оңайға соқпайды. Ішкі істер министрлігі кибералаяқтыққа қарсы күрес күшейді дейді. Бүгінде «CyberPol» цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстармен күресу бөлімшесі жасақталды. Құрамында бес тергеуші, бес жедел уәкіл және бір it-криминалист бар.
Нұртас Саттар, «CyberPol» соққы-нысаналы тобының аға тергеушісі:
- Қазіргі уақытта бізде өтінішті қабылдаудың өте жеңілдетілген әдісі бар. Шағымданушының өтінішін тергеуші қабылдайды. Сол тергеуші бұл істі соңына дейін сүйемелдейді. Адам, біріншіден, уақытты жоғалтпайды, екіншіден, әрқашан тергеушімен байланыста болады.
Пилоттық жоба әзірге Астана қаласына енгізілген. Мұндағы мамандар гаджеттерге техникалық тексерулер жүргізеді, олардың көмегімен алаяқтық әрекеттер жасалған бағдарламаларды анықтайды. Өткен жылдың желтоқсанында басталған жоба қысқа мерзім ішінде 234 интернет-алаяқтықты ашып, 184 қылмыстық істі сотқа жіберген. Дегенмен мамандар азаматтар өз-өзіне сақ болмай алаяқтық жойылмайтынын айтады. Ең маңыздысы белгісіз сілтемелерге өтіп, өзіңіз жайлы дербес деректерді енгізбеу керек екенін ескертеді.
Авторлары: Нұрлан Әбдікәрім, Айбын Құсанбеков