Қостанай облысындағы бөгетті су шайып кетті
Қостанай облысы Жанкелдин ауданындағы тағы бір бөгетті еріген қар суы шайып кетті. Жиырма миллион теңгеге салынған нысан осымен екінші жыл табиғаттың тосын мінезіне шыдас бермеді.
Бөгет Ахмет Байтұрсынұлы ауылында орналасқан. Сол арқылы тұрғындар жылда шабындыққа барып, Алматы, Шымкент бағытына қатынайтын. Бөгеттің былтырғыдай асты үңкіп, суағары жарылып кетті. Оны қалпына келтіруге жергілікті қазынадан қаржы жұмсалмайды. Кепілдік мерзімінің аяқталғанына қарамастан, бар шығынды мердігер өз мойнына алған.
Айдаралы Талпақов, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары:
-Биылғы жылы су ерімей келді. Көпірдің жан-жағы суағарды жырып кетті. Оны қайтадан қалпына келтіріп көтеремін, биіктетемін деп тұр. Сотқа берген жоқпыз. Су кеткенде істеймін деп тұр ғой.