Хабар телеарнасы

Петропавлда судың деңгейі түспей тұр

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің хабарлауынша, қала маңында 700-ге жуық саяжай мен халықаралық тас жолдың екі бірдей аумағын су басқан. Осыған байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылып, полиция қызметкерлері күні-түні кезекшілік етіп жатыр. Ернеуінен шыққан Есіл өзені әлі сабасына түскен жоқ. Құтқарушылар оның бойындағы 80 елді мекенді бақылауда ұстап отыр. 

Ернар Рүстем, ТЖД бөлімінің бас маманы:
-Соңғы 3 күнде СҚО Ғабит Мүсірепов ауданы Тоқсан би ауылы су бекетінде судың деңгейінің көтерілуі тіркелген. Ол Ақмола облысынан тасқын судың келуін көрсетеді және Пакровка, Новоникольск су бекеттерінде судың деңгейі төмендеуде.