Қарағандыдағы Әлихан Бөкейхан ауданы қоқыстың құрсауында қалды
Қарағандыдағы Әлихан Бөкейхан ауданының тұрғындары: «Қолқаны қабатын иіс пен қалың қоқыстың құрсауында қалдық», - деп ашулы. Олар әкімдіктен мәселені тездетіп шешуді талап етіп отыр. Себебі шағын базардың тұрмыстық қалдық төгетін жері көп қабатты үйдің дәл іргесінде екен. Салдарынан ол жер қаңғыбас ит пен егеуқұйрықтардың мекеніне айналған. Қыстан қалған қоқысты тазалап жатқанда жан-жаққа жанұшыра жүгірген егеуқұйрықтарды тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алыпты. Енді олар сол маңдағы үйлердің жетөлесін паналайтыны анық. Бұл халық уайымын тіптен үдеткен.
Әйгерім Талдыбаева, қала тұрғыны:
- Кішкентай балам бар, ол аллергик. Терезені ашқан кезде иіс жаман келеді. Балам мында ойнай алмайды. Мында ылғи мусор жатады.
Серік Дүйсенбаев, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
-Бұл жердің администрациясымен сөйлестік, олар мусорды толық шығарып тастайды. Және өз тарапымыздан комиссия құрамыз. СЭС, полициямен. Сосын бұл плащадканы ауыстыру жағын қарастырамыз.