Хабар телеарнасы

Шымкентте «Найза-антитеррор-2023» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Шара барысында күштік құрылымдардың терорризмге қарсы жүргізілетін арнайы операциялары пысықталып, жауынгерлердің даярлығына баға берілді. Айта кеткен жөн, Ақтас полигонында өткен жаттығуға былтыр Президент жарлығымен құрылған «Арнайы операциялар күштері» алғаш рет қатысты. Оқу-жаттығу түрлі сценарий желісі бойынша өрбіді. Шекарадан заңсыз өтпек болған топ анықталып, мемлекеттік мекемені басып алған баскесерлер қамауға алынды. Шағын ауыл тұрғындары эвакуацияланып, лаңкестік топқа қарсы арнайы операция жүргізілді.