Хабар телеарнасы

2 млн га жер кепілде тұр

Бүгінгі таңда елімізде екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2 млн гектар жер кепілге қойылған. Ол негізінен ауыл халқының жер үлестері, былайша айтқанда пайлары. Бұл мәселені Мәжілісте депутат Бақытжан Базарбек қозғады. Айтуынша, 2025 жылға дейін елде жер амнистиясын жариялап, банкке кепілге қойылған жерлерді үлескерлерге қайтадан қайтаруды көздейтін мемлекеттік жобаны қабылдау керек.

Бақытжан Базарбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Банктерді емес, халықты жұмыссыздықтан құтқару керек. Соның бірден бір жолы банктерде кепілге қойылған ауыл шаруашылық жерлерді қайтаруымыз керекпіз. Ол банктердің артында кім тұрғанын, кімнің иелігінде отырғанын және қандай жолмен ауыл шаруашылық жерлерді кепілге қойып жібергенін қоғам, халық білу қажет.