Хабар телеарнасы

Ойыл өзені бойындағы гидроқондырғылар жаңғыртылады

Атырау облыстық әкімдігінің өкілдері су ресурстары комитетімен бірлесе отырып, осындай шешім қабылдаған. Басты мақсат — Өр суын тиімді пайдалану. Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Ойыл өзені тасып, Қызылқоға ауданына су басу қаупі төнген еді. 7 ауыл аралда қалып, тас жолды тасқын шайып кеткен еді. Осыны ескерген аудан тұрғындары қазірден бастап келер жылдың қамына кірісіп жатыр. Яғни, он жыл бойы қуаңшылық жайлаған өңір халқы осы ылғалды пайдаға асырмақ. Ол үшін қажетті жобалық құжаттама дайындалып, су ресурстары комитетіне тапсырылған.