«Атамекен» ҰКП экс-басшысы ұсталды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов қамауға алынды. Ол алаяқтыққа және кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Антикоррупциялық қызмет мәліметіне сай қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу шаралары жүріп жатыр. Абылай Мырзахметовтың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Арман Тлеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген фактілері туралы антикоррупциялық қызметке және колл орталыққа 1424 нөмрі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.