Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды
Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары хабарлады. Қазір басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Лауазымды тұлғаға бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, өз мақсатына жұмсады деген айып тағылды. Іле аудандық тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік мекеме басшысы қамауға алынды.