Ақтөбеде мүгедек баланы ұрған медицина қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатыр
Бұл дерек нөмірі бірінші әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болған. Прокурорлар 8 жастағы ойын баласының зардап шеккенін айтып отыр. Орталықта негізінен ақыл-есі кем, дамуында ақауы бар, қауқарсыз жандар тұрады. Балалар 5 жастан бастап кәмелетке толғанға дейін медицина қызметкерлері мен күтушілердің қарауында болады.
Ләззат Тайланова, қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры:
- Мұндай дерек екінші рет қайталанып тұр. 2022 жылы осындай дерек болды. Үкім шығып қазіргі таңда үш тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.