Самокаттарға қатысты жаңа шектеулер қоғамның талқысына түсті
Көп ұзамай электросамокаттар көлік құралы ретінде танылатындықтан, оны жүргізудің бірқатар ережесі айқындалды. Жаңа тәртіп күшіне енгенде, көліктің бұл түрін тізгіндегендер нені ескеруі тиіс? Айыппұл қандай жағдайларда салынады?
Дана Әлиева, тілші:
- Мен сияқты самокат тебу білмейтін адамдар үшін мұндай құрылғылардың қауіпі жоғары. Әсіресе тротуарда келе жатқан бұқараға бұл мүлдем қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан мәжілісмендер жаңа заң жобасын қабылдады.
Оған сәйкес енді тротуарда электросамокат жылдамдығын сағатына 6 км-ден асыруға болмадйы. Ал автожолдың оң жақ шетімен және автобус жолағымен жүруге рұқсат беріледі. Оның өзінде, жылдамдығы сағатына 25 км-ден көп болмауы тиіс. Әрі жүргізуші куәлігі мен шлем, кешкі уақытта жүрер болса жарық шағылыстыратын киім киюі қажет. Сондай-ақ электросамокат жүргізушілері жол қиылыстары мен жаяу жүргінші өткелдерін жаяу өтуге міндеттеледі. Ал жол ережесін бұзғандарға жаза бар.
Гүлнұр Құдайбергенова, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
- Бірінші жолаушы тасымалдаса және қандай-да бір жүк тасымалдаса 5 АЕК-ке айыппұл салынады. Қандай да бір басқа да құқықбұзушылықтарға жол берсе, ескерту бар бірінші жағдайда. Екінші жағдайда 3 АЕК айыппұл салынады.
БЛИЦ:
- Негізі дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, қазір көбісі 18-ге толмаған балалар самокат айдап жүреді.
- Кейбіреулері алдына кішкентай баланы отырғызып қойып, екі адам болып жүріп барады. 0034+++0044 Қай жерден жүретінін мынанын адам түсінбейді. Біз мынаған қарап, зәреміз ұшып, екі көзіміз осында болады.
Жаңа шешімге самокат тізгіндегендер де, оны жалға бергендер де қуана қойған жоқ.
БЛИЦ:
- Мынандай жолға 6 аз сияқты. Жаяу жүрген адам озып кетеді ғой олай болса.
- Шлем кию керек деп айтып жатыр. Ережелер күшіне енсе, самокатты алмайтын да шығармын.
Мусалав Алибеков, шерингтік компания басшысы:
- Адамдардың бәрі самокатпен жолға шыға бермейді ғой, сондықтан біз шлеммен жабдықтауға ниетті емепсіз. Оның үстіне ұрлап кететін жағдайлар жиі тіркеледі. Ал Еуропадағы тәжірибе, мұның гигиеналық тұрғыдан қауіпті екенін көрсетіп отыр.
Бір Алматының өзінде күніне 130 мың адам самокатпен қатынайды. Жаңа талаптар күшіне енсе, бұл транспорттың әлеуетің едәуір төмендетіп, мегаполистерді кептеліс орнайды,-дейді мамандар.
Әнуар Жүсіпов, ҚР Экологиялық көлік қауымдастығының директоры:
- Заң электросамокаттың қозғалысын айтарлықтай шектейді. Өйткені сағатына 50 шақырым жүретін мопед жүргізушілеріне мұндай талап жоқ. Статистикаға сүйенсек, былтыр Алматыда самокатпен 7 млн рет жүрген. Биыл бұл көрсеткіш 12 миллионға жетуі ықтимал еді.
Қазірдің өзінде электросамокатты жалға беретін компаниялар бірқатар шектеулер енгізуде. Адам көп жүретін жерлерде жылдамдықты сағатына 10км-ден асыртпайды. Ал веложолдарда жүруге қандай да бір шектеу жоқ. Бірақ ел бойынша оның ұзындығы 500 шақырым ғана екенін ескерсек, тапшылықты осыдан-ақ аңғаруға болады.
Авторлары: Дана Әлиева, Диас Ковланбаев, Дәурен Жұрхабаев