Сарапшылар: Құрылыс нарығы тоқырау алдында тұр
Елімізде 4,5 млн баспанаға мұқтаж адамдар бар. Бірақ несиелік пайызы аз, қолжетімді бағдарлама жоқ. Сондықтан пәтер сатып алатындар азайған. Ал ол жаңа үйлерге тапсырысты тыйып отыр. Алдағы уақытта саладағы жалпы жұмысшылар 50% дейін қысқартылып, өндіріс көлемі 65% төмендеуі мүмкін деген болжам жасалып отыр. Қазірдің өзінде көптеген құрылыс компаниялары өз қызметтерін уақытша тоқтатқан. Енді салалық қауымдастықтар Үкіметке дағдарыстың салдарын болдырмау үшін ипотекалық бағдарламаларды енгізуді, саланы дамыту стратегиясын әзірлеуді, инженерлік инфрақұрылымға қаражат құюды ұсынып отыр.
Дәурен Ағзымов, «QAZAQ STONE «Қазақстанның тас өңдеу саласының одағы» ЗТБ төрағасы:
-Құрылыс тоқтайтын болса өндіріс тоқтайды, логистика тоқтайды. Бірыңғай бағдарламаға көмектеседі.