Торғай даласында 1 млн қой өсіруге болады
Сарапшылар, не кедергі? Көптен бері айтылып жүрген осы бастаманы қолға алатын кез келді ғой дейді. Бұл сұрақ бүгін сенатта көтерілді. Жалпы аймақта 570 мың гектар жайылым жер бар. Соңғы жүргізілген санаққа сенсек, өңірде қой басы небары 30 мың ғана екен. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау мен инвестиция құйылса, қой санын еселеп арттырып, тіпті бір миллионға жеткізуге болады деп сенімді отыр. Аймақта жұмыссыздық мәселесі өзекті. Ата кәсіпті қолға алу осы мәселенің бір шешімі болғалы тұр. Оның үстіне қой етіне ел ішінде ғана емес, сыртқы нарықта да сұраныс жоғары.
Райымбек Баталов, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы:
- Әр өңірдің өз артықшылығы бар. Арқалықта қой саны 1992 жылы 800 мың болған. Қазір 30 мың ғана қалыпты. Енді осы кәсіпті қайта қолға алып, өңірдің экономикасына қан жүргіртуге болады. Араб елдері еттің әр келісін 5,5 доллардан алуға дайын. Аймақтардың осындай мүмкіндігін айқындап пайдалана білуміз қажет.