Altel телекоммуникациялық компаниясы жаңа брендтің таныстыру рәсімін өткізді
Алматыда Altel телекоммуникациялық компаниясы жаңа брендтің таныстыру рәсімін өткізді.
Қазақстанның байланыс нарығындағы нөмірі бірінші оператордың негізгі ұраны: «Алтел сіз сияқты». 29 жылдық тарихы бар компания жаңа буын желілерін дамытып қана қоймай, миллиондаған қазақстандықтардың басын қосты.
Altel компаниясы ұйымдастырған мерекелік шара көптің есінде көпке дейін сақталары сөзсіз. Алдымен Педро Визуэте есімді желаяқ жүгіру жолағы арқылы Алтелдің 29 жылдық тарихына орай 29 шақырымды бағындырды. Сондай-ақ шараға арнайы шақырылған қонақтар жаңа парфюмериялық композициялар жасаса, киберспортшылардың сайысы да кештің сәнін келтірді. «Алтел сіз сияқты» - «Алтел де сізбен бірдей» деген сөздер осы кештің ұранына айналды.
Сергей Коньков, Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel) бас директоры:
- Алтел – биыл 29 жасқа толған Қазақстан нарығындағы алғашқы байланыс операторы. Біз бүгінде жаңа бағытқа, жаңа мағынаға ие болдық. Яғни, жаңа коммуникациялық жүйені, жаңа өнімдерді іске қосатын боламыз. «Алтел сіз сияқты». Бұл жай ғана сөз емес, бұл біздің басты ұранымыз.
Жыл басында Altel компаниясы «Бренд бет-бейнесі» науқанын жариялап, бұл шараға ондаған мың фотосурет келіп түскен. Сайтқа фото жүктеген әрбір адам арнайы гигабайт сыйлықтарына ие болды. Содан кейін нейрондық желілер барлық фотосуреттерден Altel-дің жаңа бейнесін жасап, оны MetaHuman көмегімен «жандандырды». Осылайша 3D кейіпкерлері пайда болды.
Бейбіт Әлібеков, блогер:
- Мен қазір ұялы байланыстың, әсіресе бесінші буын 5G-дің әрбір қазақстандық үшін қолжетімді болып жатқанына қуаныштымын. Мамандардың айтуынша, сіз трафикті бұзбай 5G-ді тегін тексеретін мүмкіндік бар. Сондықтан ләззат алыңыз және жақындарыңызбен бөлісіңіз. Менде тіпті нақты рекорд бар – секундына 800 мегабит.
Жаңа буын желілерін дамыта отырып, Altel 250+ бағдарламасын жүзеге асыру аясында өзінің маңызды жұмысын жалғастыруда. Осылайша оператор Қазақстанның ең шалғай ауылдарын да жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз етпек.
Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев