Атырау облысында 70 мыңнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады
Ол үшін бюджеттен 760 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Оның ішінде Ресей Федарциясында орналасқан «Қазақстан геологі» лагері мен Махамбет, Индер аудандарындағы лагерьде 4600-ден астам бала демалады. Бұдан бөлек өңірдегі мектептердің жанында тамақтандыру арқылы ұйымдастыратын 100-ден астам лагерь жұмыс істейді. Ал 700 жуық лагерь бейінді бағыттар бойынша ұйымдастырылады.
Орынтай Биманова, облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары:
- «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры ұйымдастырып жатқан әлеуметтік жақсы жоба бар. Бұл жобаның аясында мың баламыз Ақтау қаласындағы «Айналайын кэмп» деп аталатын лагерьде демалатын болады. Негізі демалу уақыты 10 күннен болады. Демалу маусымы 6 маусымнан басталады.