Есірткіге тәуелді балаларға арналған оңалту орталығы ашылуы мүмкін
Үйлестіру кеңесінің отырысында осы мәселені Бас прокурор Берік Асылов көтерді. Себебі жасөспірімдер мен ересектер арасында есірткіге бейімділік артқан. Тіпті синтетиканың көлемі 3 есеге көбейген. Ал есірткіге қатысты қылмыс жасағандардың төрттен бірі ғана жазаға тартылыпты. 3 жылда 122 есірткі зертханасы жойылып, заңсыз айналымнан 37,5 тонна наркотикалық құралдар тәркіленген.
Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:
- Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес мәселесін күшейтуіміз керек. Себебі азаматтардың қауіпсіздігіне теріс әсер ететін қылмыс. Бұл міндетті Мемлекет басшысы қойып отыр.