Астанада 1 шілдеден бастап су тарифі қымбаттайды
Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен «Астана Су арнасының» тыңдалымында белгілі болды. Әзір тариф нақты бекітілген жоқ. Алайда жоба бойынша ауызсу бағасы тұрғындар үшін шамамен 62% дейін, яғни 48-ден-78 теңгеге өсуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, бұл шара бірқатар өзекті мәселені шешуі тиіс. Су құбыры мен кәріз желісінің 40% тозған. Сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі де күн тәртібінде тұр.
Қанат Құлназаров, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің қалалық департамент басшысы:
- Биыл электр жарығының бағасы өскенін білесіздер. «Астана Су арнасы» үшін бұл стратегиялық тауар болғандықтан, қосымша шығын көп болды. Тозығы жеткен желілер де көп. Сондықтан тарифті инвестицияға айырбастау қағидаты бойынша оның бәрі жөнделетін болады. Бағаның қаншалықты өсетінін қазір дөп басып айта алмаймын. Маусым айының ортасында белгілі болады.