Астанада ерекше балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Астанадағы №31 мектеп-гимназиясында ерекше балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Осылайша елордада мұндай орталықтары бар мектептің саны 26-ға жетіп отыр. Білім басқармасы мамандарының айтуынша, енді жыл сайын 2 мектепте осындай кабинет ашылады.
Бұл инклюзивті кабинет халықаралық ережеге сай жасақталған. Мұнда бала ойнайды, ойлайды, билейді, ән айтады, түрлі қозғалыстар жасайды. Психолог, дифектолоктың да қызметтері бар. Әр балаға педагог-ассистент тағайындалады. Олар 10-ға жуық әлемдік әдістемемен балаларды дамытады.
Бақытнұр Жақұпова, инклюзия бөлімінің меңгерушісі:
- Аутизм балалары артық ауыз дыбыстан, шудан, музыкадан алшақ болады. Ал Индия оқу саласындағы әдіс-тәсілі әдемі дыбыс арқылы баланы дыбыс әлеміне жетілдіру, соған қарай жетектейді.
Қазір 31 мектеп-лицейінде 3 мыңнан астам оқушы бар. Олардың 82 ерекше балалар. 10 үйде оқыту қызметін пайдаланады. Қалғаны мектеп қабырғасында білім алады. Басым бөлігі бастауыш сынып оқушылары.
Айнұр Чужетова, №31 мектеп-гимназиясының директоры:
- Аутизммен ауыратын 11 оқушы бар. Көру қабілеттері төмен психологиялық ауытқулары бар оқушылар да бар. Ол оқушылар сабақтан шаршайды. Көңілін басқа аулауға көмек беруге арналған кабинет.
Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, мұндай кабинеттің көбеюі ата-аналардың таңдау құқығын да кеңейтеді.
Әсима Бимендина, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ
Астана қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі:
- Балалар, ата-аналар қай мектепке барғысы келеді. Сол мектепте оқуы керек. Ол үшін мектептерде жағдай жасалуы керек.
Мектеп басшылығы бұл бір ғана орталықпен шектелмейміз деп отыр. Алдағы оқу жылында тағы скаладром, иппотерапия секілді 4 кабинетті ашу жоспарланған.
Авторлары: Нұрлан Әбдікәрім, Айбын Құсанбеков