Шымкентте апатты деп танылған көппәтерлі үйлер сүріледі
Олардың орнына реновация бағдарламасы бойынша заманауи көпқабатты тұрғын үйлер бой көтереді. Құрылыс аяқталғанша пәтер иелеріне уақытша баспана ұсынылды. Қазір инвесторлармен келісім шарт жасалып, жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Салаға жауаптылар: «Алдағы алты жылда тозығы жеткен тағы 105 үйді сүріп, жаңасын саламыз»,— дейді. Ол үшін тұрғындардың келісімі керек.
Ділдәбек Жаңабаев, қала тұрғыны:
-Көңілімізден шығып отыр. Күдік қалған жоқ. СПК-дан келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар болды. Содан кейін бір ауыздан келістік. Бір үйде тұрғаннан кейін. Үйіміз ескі. Шатырдан су кеткен. Үстіңгі қыштары үгітіліп түсіп жатыр.
Руслан Серікбаев, «Шымкент» ӘКК Департамент директоры:
-Қазір сол 6 нысанға инвесторлар тарту мәселесімен жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі таңда 4 нысанға уже инвесторлар бар, тартылды. Солармен алдын ала келісім шарт түзілді. Қазір проектный сметный документация әзірленіп жатыр.