Текеліде 40 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Жетісу облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай 40 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша тау баурайында орналасқан табиғаты әсем шаһарда ұзақ жылдар бойы баспана кезегінде тұрған 40 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Ақгүл Шоқанқызы 3 бөлмелі пәтердің кілтін алды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған бұл үйдің құрылысына жергілікті бюджеттен 546 млн теңге бөлінген.
Ақгүл Шоқанқызы, Текелі қаласының тұрғыны:
- Үйдің кілтін алып жатырмыз. Аллаға шүкір, осындай жағдай жасап бергеніне. Мұның алдында мамамызбен тұрған едік. Қазір өте қуаныштымыз, шүкір.
Алмас Әділ, Текелі қаласының әкімі:
- Алдағы 5 жылдықта енді 100 пәтерден санаған кезде сол 500 пәтер кем дегенде беріледі. Сонымен қатар сатып алынатын пәтерлер бар. Сондықтан әр жыл сайын кем дегенде 80-100 пәтерден тапсырып беруге тырысамыз.